• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:20

Автожолдардың төлем тәртібі өзгереді

30 рет
көрсетілді

Көлік жүргізушілері бұдан былай сапасыз жолға ақы төлемейді. Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем тәртібі жаңартылды. Қазір елімізде 27 ақылы учаске жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, егер белгілі бір бөлікте жолда ақаулар анықталса, жүргізушілер сол шақырымдарға төлемнен босатылады. Мәселен, 100 шақырымдық учаскенің 5 шақырымы сапасыз деп танылса, ақы тек қалған 95 шақырымға ғана есептеледі.

Министрліктің түсіндіруінше, төлем алу процесі ақау тіркелген сәттен бастап автоматты түрде тоқтатылады да, жөндеу жұмыстары аяқталған соң қайта қосылады. Жолдардың жағдайы тұрақты түрде өлшеулер мен тексерістер арқылы бақыланып отырады.

Сонымен қатар жүргізушілер жолдағы ақаулар туралы өздері де хабарлай алады. Ол үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Шағым бірден қаралып, төлем қайта есептеледі немесе ақшаны қайтару рәсімі автоматты түрде жүргізіледі.

Жаңа ереже республикалық қана емес, халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға қолданылады. Министрлік бұл қадамды «жолдардағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін жасалған» деп отыр.