• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 13:00

Талдықорғанда сот орындаушысы алимент қаржысын жымқырған

40 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен алимент ақшасын қалтасына басып келген, деп жазады Egemen.kz.

Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша заңды түрде борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу туралы қаулы шығарып, жұмыс берушілерге жіберген.

Борышкерлердің жұмыс берушілерінен ақша түскеннен кейін ақшаның көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған.

Бір жағдайда сот орындаушысы борышкердің жалақысынан алимент өндіріп алуды 2025 жылдың сәуір айынан бастаған.

Жұмыс беруші сәуір айынан маусым айына дейін жеке сот орындаушысының шотына 570 мың теңгеден астам сомаға алимент төлемдерін аударған. Ал сот орындаушысы алынған соманың 170 мың теңгесін ғана өндіріп алушыға аударып, қалғанын жымқырған.

Тексеру кезінде  күдіктінің осыған ұқсас схеманы бірнеше рет қолданып, 2 млн  теңгеден астам соманы қолды еткені белгілі болған.

Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.