• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 12:29

Ұлттық парктегі әйгілі әткеншек қайта ашылды

30 рет
көрсетілді

Іле-Алатау ұлттық паркінде 2 524 метр биіктікте орналасқан Фурманов шыңының етегіндегі атақты әткеншектің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл нысан ұзақ жыл бойы Алматы тұрғындары мен туристері үшін таудағы ең танымал орынның бірі ретінде жақсы таныс, деп жазады Egemen.kz.

Жаңғырту жұмыстары туризм саласындағы ұлттық жоба аясында жүргізілді. Басты мақсат – қауіпсіздік пен қолайлылықты арттыру, сондай-ақ әткеншекті ерекше ететін атмосфераны сақтау арқылы таудағы демалыстың және жарқын әсердің алаңына айналдыру.

«Жұмыс барысында тіреуіштер күшейтіліп, заманауи вандалға төзімді әрі экологиялық материалдар қолданылып қайта құрастырылды. 500 келіге дейінгі салмақ көтере алатын жаңа орындықтар орнатылды. Сонымен қатар аумақ абаттандырылды: жаңа орындықтар мен қосымша демалыс элементтері орнатылды. Табиғи ландшафтпен үйлесетін шағын сәулет нысандары пайда болды»,  деп хабарлады Алматы қаласының Туризм басқармасы.

Жаңғыртудан кейін әткеншек қайтадан алматылықтар мен қала қонақтарының игілігіне берілді. Жаңартылған нысан бұрынғыдай атмосферасы мен тартымдылығын сақтап қана қоймай, таудағы демалысқа барынша ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз орынға айналды.