Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Қ.Тоқаев жұмыс сапары аясында егін жинау науқанымен танысып, өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент биыл қараша айында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтетінін айтты. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін де аралап көрді. Мұнда жартылай фабрикаттар, консервілер, ет, сүт және нан өнімдері қойылған.