• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 16:50

Amazon мен Walmart-та қазақ ұны сатылып жатыр

30 рет
көрсетілді

Отандық бидай ұны АҚШ нарығына жол тартты. Нью-Йоркке Eurasian Legacy брендімен алғашқы 50 тонна өнім жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

«Бұл – ұлттық тауарларды АҚШ-та ілгерілетудің алғашқы ірі қадамы. Алдағы уақытта ай сайынғы жеткізілім көлемін 100 тоннадан асырмақ ойымыз бар», деді Сауда саясатын дамыту орталығы.

Ұн Amazon мен Walmart сайттарына орналастырылды. Amazon-да 1,36 келілік қаптамасы 14,50 долларға сатылып жатыр. Қаптаманың үстінде «Product of Kazakhstan» деген белгі көзге түседі.

Сондай-ақ өнімді мейрамханаларға, кофеханаларға және жергілікті тамақтану орындарына жеткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр.

Бұған дейін Шығыс Қазақстаннан шыққан бал да Еуропа нарығына жол тартқан еді.