• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:10

Қоқысқа зәру ел

20 рет
көрсетілді

Әлем елдері қоқыстың көбейгеніне алаңдап жатса, Қытай керісінше қоқыс тапшылығын сезініп отыр. Соның салдарынан елдегі ірі қоқыс өртейтін зауыттар толық қуатта жұмыс істей алмай, тіпті кейбірі қалдықты сырттан сатып алуға мәжбүр.

Бұл – кейінгі жылдары жүргізілген жаңа экологиялық саясаттың нәтижесі. Билік қоқыс сұрыптауды қатаңдатып, жаңа ережелер енгізді. Ал халық жауаптырақ бола бастады. Мамандардың айтуынша, мұн­дай теңгерімсіздік алдағы уақытта эконо­микалық та, экологиялық та қиындық әкелуі мүмкін. Өйткені миллиардтаған қар­жыға салынған зауыт­тардың бос тұруы ел бюджетіне де, қалдық­тарды басқару жүйесіне де салмақ түсіреді.