• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Саусақтағы тінтуір

30 рет
көрсетілді

Алдағы уақытта кәдімгі компью­терлік тінтуірді қолданбауымыз мүмкін. Ғалымдар оның орнына экранды басқарудың жаңа тәсілін ойлап тапты.

Саусаққа тағылатын тінтуірді қозғалту үшін үстелдің үстінде отырудың қажеті жоқ. Оны жолда келе жатып та пайдалануға болады. Америкалық өнертапқыш Макс Этернити бұл игілікті идеяны он бес жылға жуық дамытып келеді. Оның артықшылығы көп. Көлемі шағын, дыбыссыз жұмыс істейді. Дәстүрлі тінтуірге қарағанда экологияға зияны аз. Қозғалысы шектеулі адамдарға да қолайлы. Болашақта компьютерді басқарудың бұл түрі көпшілікке кеңінен таралуы әбден мүмкін.