Қазіргі таңда әлемдік деңгейде аса өзекті әрі күрделі мәселенің бірі – Газадағы және тұтас Палестина аумағындағы ахуал. Бұл жағдай жекелеген бір мемлекетке немесе ұлтқа ғана қатысты мәселе ғана емес, бүтін адамзат баласының ар-ұжданына тікелей әсер ететін жаһандық деңгейдегі сын-тегеурін десе де болады. Осыған орай халықаралық ұйымдар мен түрлі деңгейдегі форумдардың күн тәртібінде Газадағы жағдай басым бағыттардың бірі болуға тиіс.
Өйткені аталған өңірде бейбіт тұрғындардың өміріне тікелей қауіп төніп отыр. Әйелдер мен балалардың, қарттардың өмірі қиылып, бейкүнә жандар жазықсыз зардап шегіп жатыр. Бұл – адам құқықтары мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін ауыр жағдай. Мұндай сәтте әлемдік қауымдастықтың үнсіз қалуы – адамзаттың ортақ құндылықтарына немқұрайдылық танытқанмен пара-пар.
Сондықтан да барлық мүдделі тарап Газадағы әскери әрекеттерді тоқтату, бейбіт тұрғындарды қорғау және гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізу бойынша нақты әрі пәрменді қадамдарға баруы қажет. Басып алу мен зорлық-зомбылықты тоқтату – барша әлем алдында тұрған ортақ міндет.
Палестина халқының өзін-өзі басқару құқығы мен қауіпсіз өмір сүруге деген талпынысы – халықаралық құқық пен әділеттің талаптарына сай келеді. Бұл мәселеге саяси тұрғыдан ғана емес, ең алдымен адамзаттық көзқараспен қарау керек.
Бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі секілді ауқымды жиындардың пайдасы тиеді деп санаймын. Осы орайда халықаралық қауымдастықты ортақ жауапкершілік пен әділет қағидаттары аясында әрекет етуге шақырамыз. Бұл бағыттағы бастамалар өз нәтижесін беріп, Газада бейбітшілік пен тұрақтылық қайта орнайды деген сенімдеміз. Өйткені адам өмірінен, адамгершілік пен ар-ұжданнан артық құндылық жоқ.
Кадир ДИНЧ,
Түркия Республикасы Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары