Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Хорватия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Демеу Жадыраев 77 келі салмақ дәрежесінде 1/16 айналымда Финляндия өкілі Йонни Куннари Сарккиненнен басым түсті. Келесі қарсыласы Сербия немесе Алжир балуандарының жеңгені болады.
Айта кетейік, Жадыраев 2017 жылы Париждегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.