• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:33

270 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

10 рет
көрсетілді

Елімізде 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 50 300 отбасындағы 270 700 адамға жалпы сомасы 21,7 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түрінде қолдау көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасыларға қиын өмірлік жағдайлардан шығуға көмектесу.

АӘК мыналарды қарастырады:

табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 83,6 мың балаға 2,8 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды; жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.