• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Логистика Бүгін, 10:12

«Орталық – Батыс» автожолының құрылысы басталды

20 рет
көрсетілді

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа автожол елорданы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы еліміздің батыс өңірлерімен жалғайды. Жоба аясында «Астана – Арқалық» және «Торғай – Ырғыз» бағыттарында жаңа жолдар салынады. Ал Арқалық пен Торғайдың арасындағы қазіргі қолданыстағы жол күрделі жөндеуден өткендіктен, бұрынғы күйінде пайдаланылатын болады.

Бүгінде құрылысқа қажетті арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, вахталық қалашықтар тұрғызылуда. Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.