• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 18:43

Киберқауіпсіздік пен ЖИ-ді дамыту: Елордада Palo Alto Networks компаниясымен кездесу өтті

10 рет
көрсетілді

Елордада Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшы - Palo Alto Networks компаниясының делегациясымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компания өкілдерінің, соның ішінде өңірлік вице-президент Ведат Түфекчидің сапары ынтымақтастықтың аралық қорытындыларын шығаруға және ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялық жоспарларды айқындауға арналды.

Диалог барысында тараптар бұған дейін Вашингтонда «C5+1» форматы аясында қол қойылған Меморандумның іске асырылу барысын талқылады. CyberShield бірыңғай киберқауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Жаслан Мәдиев Қазақстан үшін сенімді цифрлық егемендікті құру және сыни инфрақұрылымды қорғаудың проактивті моделіне көшу стратегиялық басымдықтар болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, министрлік тәуекелдерді нақты уақыт режимінде көруді қамтамасыз ететін және мемлекеттік әрі корпоративтік процестерге жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз енгізуге мүмкіндік беретін платформалық тәсілдерді қолдайды.

Білім беру бастамаларына шолу жасау кездесудің маңызды қорытындысы болды. Бүгінгі таңда ынтымақтастық іс жүзіндегі нәтижелерін беруде: еліміздің бес жетекші жоғары оқу орнында (ҚБТУ, SDU, Coventry University Kazakhstan, De Montfort University Kazakhstan, АЭЖБУ) студенттерді оқыту басталды, ал 7 сәуірде Astana IT University базасында киберқауіпсіздік академиясының ресми ашылуы өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың 30-дан астам бейінді инженері халықаралық стандарттар бойынша кәсіби оқудан өтті.

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты

Сондай-ақ, тараптар мемлекеттік органдарда іске асырылып жатқан ағымдағы пилоттық жобаларға тоқталды. Соңғы нүктелерді қорғау (XDR), қауіпсіздік орталықтарын автоматтандыру және бұлттық технологиялар (SASE) бойынша заманауи шешімдерді тестілеу жаһандық тәжірибелерді Қазақстанның ұлттық қажеттіліктеріне қолдану мүмкіндігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект зауыттардағы ақауларды қалай болжайды?

Кездесу соңында қатысушылар алдағы бес жылға арналған бірлескен жоспарынның қадамдарын белгіледі. Ол технологиялық алмасу мен ұлттық сараптаманы дамытуды ғана емес, сонымен қатар нормативтік-құқықтық база бойынша бірлескен жұмысты да қамтиды. Атап айтқанда, ЖИ және бұлттық шешімдердің қауіпсіздігіне қойылатын өзекті талаптарды әзірлеу жоспарлануда, бұл өзгермелі жаһандық сын-қатерлер жағдайында елдің цифрлық экожүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар