• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қыркүйек, 2025

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды

410 рет
көрсетілді

Бүгін Қытайдың Бейжің қаласында басталған маңызды іріктеуде ел атынан алғаш болып Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Мәнерлеп сырғанаушылар 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға жолдама жолында бақ сынап жатыр. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандастарымыз ырғақты бидің қорытындысы бойынша 50,64 ұпай жинап, аралық есепте 16-орынға тұрақтаған. Бірінші орынға Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) 80,92 ұпаймен жайғасқан.

Іріктеудің келесі  еркін бағдарламадағы сайыстары  21 қыркүйек күні өтеді.

Ал ерлер арасында өтетін жекелей сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғайды.