• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 09:31

Жойылған құсты тірілтпек

10 рет
көрсетілді

Бұдан төрт ғасыр бұрын жойылып кеткен додо құсы қайта оралуы мүмкін. АҚШ-тағы «Colossal Biosciences» компаниясы осы ерекше құсты «қайта тірілту» жобасын қолға алды.

Қазір ғалымдар никобар кептерінің жасушаларын пайдаланып, генетикалық өңдеуден өткізіп жатыр. Сөйтіп, додоға тән белгілері бар жыныс жасушалары зертханада өсіріледі. Осылайша, зерттеушілер болашақта «додо жұмыртқасын» алуды көздеп отыр. Әзірге бұл – тәжірибе дең­­гейіндегі жоспар. Дегенмен ғалымдар 5–7 жыл ішінде жойылып кеткен құстың ұр­па­ғын көретініне бек сенімді. Не де болса, әлемді таңғалдырған бұл бастама – табиғат сырын танудағы жаңа белес.

Соңғы жаңалықтар