21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келген.
Кеш ұйымдастырушылары Total White дресс-кодын ұйымдастырып, концертте ерекше атмосфера қалыптасқан.
Мыңдаған тыңдармандар сүйікті тобының концертіне дайындығын әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді арқылы ауқымды көрсеткен.
Айта кетейік, әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys 130 миллионнан астам альбом сатқан. Астанадағы концерт олардың әлемдік турнесінің бір бөлігі болды. Ал 2025 жылы топ Лас-Вегастағы әйгілі The Sphere кешенінде бір күннің ішінде 500 мыңнан астам билет сатылымымен рекорд орнатқан болатын.