Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Астанадағы департаменті келіп түскен шағым негізінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына қатысты тергеу жүргізді.
Тексеру қорытындысында компанияның өзімен аффилиирленген ұйымдарға – «KTZ Express» АҚ мен «КедентрансСервис» АҚ-ына басымдық беріп, жекелеген экспедиторлардың қызметіне кедергі жасағаны анықталды. Мұндай әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану деп танылды.
«Соттың 22 тамыздағы шешімі бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңге айыппұл салынды. Ал 2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қалалық соты алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды», деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.