• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 16:40

Олимпиада жеңімпаздарына 100 млн теңгеден астам сыйақы берілді

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2022 жылдан бері халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға қаржылай сыйақы беріліп келеді. Ережеге сәйкес, алтын медаль иегерлері – 1500 АЕК-ке дейін, күміс жүлдегерлер – 1000 АЕК-ке дейін, ал қола медаль иегерлері – 500 АЕК-ке дейін марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2025 жылы олимпиада жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлеріне жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам біржолғы сыйақы берілді. Мемлекеттік қолдау тек оқушыларға ғана емес, олардың жетекшілеріне де бағытталған»,  деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Бұдан бөлек, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігі ұсынылған.