• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Сауда Бүгін, 17:09

Сауда министрлігі азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді

20 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 80-нен астам сауда желілерінің өкілдерімен кеңейтілген отырыс өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Жиынға Қазақстан сауда желілері қауымдастығы, облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Magnum Cash&Carry, Small&Skif сынды сауда желілерінің өкілдері де қатысты. 

Арман Шаққалиев Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау туралы сөз қозғап, бұзушылық болған  жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Жыл басынан бері Министрліктің аумақтық департаменттері 2562 әкімшілік қаулы қабылдаған, оның ішінде 1360-ы – 56,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынса, 1202 кәсіпкерге ескерту жасалған. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін асырып жібергені үшін 2191 қаулы шығарылған, соның ішінде 1020-сына – 39,6 млн теңгеге айыппұл салынған.

Ет өнімдері нарығында белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылып отыр. Әлеуметтік маңызы бар сиыр етіне үстеме бағаны асырғаны үшін 45 қаулы рәсімделген, оның 33-і – айыппұл. Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ет өнімдерін сауда орындарына жеткізу кезінде үстеме бағаның сақталуын бақылау үшін қосымша мониторингтік топтар құрылып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуде жасырын қымбаттау схемаларын және ретро-бонустарды алып тастауға бағытталған заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр.

Аймақтық комиссиялардың жұмысы аясында жыл басынан бері 747 отырыс өткізіліп, 2301 бұзушылық фактісі анықталған.1956 әкімшілік қаулы қабылданып, 345 нақты өнімі жоқ делдалдар алынып тасталған. Электронды шот-фактураларды талдау барысында 9015 мың тауарлық тізбектің ішінен 823 тәуекелді бұзушылық белгілі болған.

Министрлік  еліміздегі ірі сауда желілерінде «Береке Fest» акциясы басталатынын да мәлімдеді.  Акция аясында жаңа өнімдер, әсіресе халықтың сұранысына ие жаңа піскен көкөністер, жемістер мен сиыр еті ұсынылады. Сауда желілері қазақстандық өндірушілер үшін арнайы орындар бөліп, өнімдерді нарықтан төмен бағада сатуға мүмкіндік береді.