• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 02:42

Атырауда мас күйде көлік жүргізген 12 жүргізуші 20 күнге қамалды

20 рет
көрсетілді

Патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мас күйде көлік рульіне отырған 12 жүргізушіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Атырау қалалық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, кейінгі кезде жол-көлік оқиғалары жиілеген. Оның басты себептері – жылдамдық режимін сақтамау, мас күйде көлік жүргізу, маневр жасау ережелерін бұзу.

«Жол апатының салдарынан тұрғындардың қаза тауып, әртүрлі дене жарақатын алғаны тіркеліп отыр. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізіп жүрген 12 жүргізушіні анықтады. Жүргізушілерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жинақталған іс құжаттары мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен құқық бұзған жүргізушілер 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», деп хабарлады полиция басқармасынан.