• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 01:17

Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті

20 рет
көрсетілді

Бразилиялық Embraer авиа құрылыс компаниясы жетекшісімен кездесуде жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент еліміздің Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік-логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда «Embraer» ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін өңірлік сервистік орталық ашу перспективасы қарастырылды.

Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.