Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты. Кездесу аясында Мемлекет басшысының және Бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.