• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:18

Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондарына 30 млн теңге берді

20 рет
көрсетілді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшыларды қабылдап, оларға 30 миллион теңге қаржылай сертификат табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды. Санжар алғаш рет 2023 жылы 19 жасында 48 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионатын жеңіп алған еді, екі жылдан кейін бұл жетістігін Ливерпульде 50 кг салмақта қайталап отыр. Айбек Оралбай өз есімін Қазақстан спорты тарихында алтын әріптермен жазды. Ол әлем чемпионатында суперауыр салмақта ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды. Нәтижесінде еліміз жалпы есепте бірінші орынға шығып, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

«Спортшыларымыз намысты қолдан бермей, керемет нәтиже көрсетті. Олар өз үлгісімен еңбектің, тәртіптің және өзіне деген сенімнің үлкен жетістіктерге апаратынын көрсетті. Бұл жетістіктерге бапкерлерінің де қосқан үлесі зор. Астана ылғи да спортты қолдап, талантты спортшыларымыздың дамуына жағдай жасап келеді. Мәселен, қаламызда Боксты дамыту орталығы бар, ал биыл Бекзат Саттарханов атындағы Спорт кешені пайдалануға берілді», деп жазды қала әкімі. 

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек жеңіске жеткен спортшыларды құттықтап, жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруды тіледі.