• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар Бүгін, 17:46

Атырауда креативті жастардың үшінші форумы өтіп жатыр

50 рет
көрсетілді

Биыл «Saraishyq Upgrade – 2025» халықаралық жастар форумына еліміздің барлық өңірі мен Ресейден, Қырғызстаннан, Әзербайжан мен Өзбекстан елінен 300-ден астам жас қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың айтуынша, биыл аталған форум үшінші рет өткізіліп отыр.

«Бұл форум еліміздің креативті индустриясына тың серпін беретініне сенеміз. Жастарымыз тек шикізат пен өндіріс саласы емес, өздерінің ақыл-ойы мен креативті бастамаларымен ел экономикасына үлес қосуға болатынын дәлелдеп келеді. Форумға креативті жастар Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруге өз үлесін қосқысы келеді», деді Дарын Шамұратов.

Форумда креативті индустриялар, технология мен жастар саясаты салаларының белгілі сарапшылары мен мамандары семинар өткізеді. Жастар кинемотография, музыка, IT және жасанды интеллект, маркетинг, театр мен хореография салалаларында тәжірибе алмасады.

Қатысушылар арасында әр бағыт бойынша конкурс өтеді. Жұмысы үздік танылған алты жасқа 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады