• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:49

Той қонақтарының санына шектеу қойылды

50 рет
көрсетілді

Өзбекстанда үйлену тойлары, ас беру рәсімдері және басқа да отбасылық шараларға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салынды. Бұл талап 2025 жылғы 16 қыркүйекте министрлер кабинеті бекіткен «Рационалды тұтыну» бағдарламасында көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.

Бағдарламаның мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орынсыз шығындарды қысқарту, үнем мәдениетін қалыптастыру.

Бұған дейін де 2019 жылы қабылданған құжатта тойға 200 адамнан артық шақыруға болмайтыны, палау тарату 250-300 адамға дейін рұқсат етілетіні жазылған еді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, салтанат кезінде артық шоу-бағдарламалар өткізуге, қосымша той-томалақ ұйымдастыруға болмайды. Сондай-ақ жерлеу және ас беру рәсімдерінде де шығындарды қысқарту қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар