• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады

40 рет
көрсетілді

Мәжіліс екінші оқылымда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді қабылдады. Заң жобаларын Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде депутаттар әзірлеп, елімізде жасанды интеллект технологиясын дамытуға құқықтық негіз жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң арқылы алғаш рет жасанды интеллект, модель, жүйе, деректер кітапханасы, синтетикалық нәтиже сынды жаңа құқықтық ұғымдар орнықтырылып отыр.

Жасанды интеллектінің адамдарға зиян келтіруі мүмкін бірқатар функциясын пайдалануға заң арқылы тыйым салынады:

Адамдардың саналы түрде берген келісімінсіз мінез-құлқына әсер ететін жасанды интеллектіні қолдануға; Адамдардың әлсіздігін (жасы, мүгедектігі, әлеуметтік жағдайы) әдейі пайдаланатын жасанды интеллектіні пайдалануға; Адамдарға әлеуметтік мінез-құлқы немесе сипаттамалары бойынша баға беруге немесе оларды жіктеуге (әлеуметтік скоринг); Адамдардың эмоцияларын олардың келісімінсіз талдау үшін жасанды интеллектіні пайдалануға; Заңда рұқсат етілген жағдайлардан басқа нақты уақыт режимінде көпшілік орындарда бет-әлпетті тану үшін жасанды интеллектіні қолдануға; Жасанды интеллект қызметінің заңда тыйым салынған нәтижелерін жасауға және таратуға.

Сонымен қатар жасанды интеллекттіні әзірлеу және енгізу үшін Ұлттық платформа құрылады. Ол деректер кітапханаларына, жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу және пайдалану ортасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

 

Соңғы жаңалықтар