• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Кеше

Семей-Астана тасжолы тазаланды

20 рет
көрсетілді

Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жас белсенділер қатысып, қала шетіндегі Семей-Астана тасжолы бойын қоқыстан тазартты.

Тазалыққа шыққан азаматтар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын үлгісін көрсетті. «Шығыс жастары» қоғамдық қорының атқарушы директоры Әлиби Әбдірайымов жүргіншілерді тазалықты сақтауға шақырды.

– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан  игі істердің бірі. Акция барысында Семей – Астана бағытындағы аумақтар тазартылды. Негізгі мақсат – өңір тұрғындары арасында қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру. Бүгінгі акцияға 50-ден аса адам қатысып, белсенділік танытты. Қаламыздың тазалығы – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Барша тұрғындарды табиғатты аялауға, мұндай іс-шараларға белсене қатысуға шақырамын, – деді ол.

Облыстық баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан облыста 282 381 адам, оның ішінде 13 585 ұйым мен мекеме өкілдері қатысқан. Жұмысқа 8 558 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 157 072 аула тазаланып, 49 467 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс (ҚТҚ) полигондарына шығарылды. Облыс бойынша 2 443 саябақ пен сквер тазартылып, 1 001 ескерткіштің айналасы абаттандырылып, 10 285 шаршы метр тасжол жөнделді. 50 201 көшет және 7 883 шыбық отырғызылды. Сенбілік 16 811 әлеуметтік және өндірістік нысанды, сондай-ақ 2 287 жасанды су қоймасын қамтыды. Аталған экологиялық акция Абай облысында алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар