«Бір ел-бір кітап» акциясының аясында оқуға таңдалған 51 кітаптың арасына ақын, жазушы, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұлов пен ақын, жазушы, күйші Жұмекен Нәжімеденовтың еңбектері енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған орай Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап, ғылыми кітапханада екі қаламгерге арналған «Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары» атты әдеби кеш өтті деп хабарлайды Egemen kz.
Әдеби кеште М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Тіл және әдебиет институтының аға оқытушысы, магистр Жазира Көкбас «Т.Әлімқұловтың өнер тақырыбында жазылған шығарпмаларының көркемдік ерекшелігі» деген тақырыпта баяндама жасады. Ал «Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығы туралы» баяндаманы осы университеттің аға оқытушысы Күләйхан Рахмет жасады.
Әдеби кеште студенттер мен оқушылыр ақынның өлеңдерін оқыды. Жергілікті ақын Марал Оспанова мен еңбек ардагері, ақсақал Тілек Абдрахмановтар естеліктер айтты.
ПЕТРОПАВЛ