• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Полицейлер интернет алаяқтарды қолға түсірді

10 рет
көрсетілді

Шымкентте полиция ірі қылмыстық топты құрықтады. Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады, деп жазады Egemen.kz.

Соның аясында Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тексеру барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын жалпы сомасы 141 миллион теңгеден асып отыр.

Арнайы операция кезінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қолға түсті. Олар осы қылмысты ұйымдастырып жүрген топ басшысы, дропперлерді тартумен айналысқан екі күдікті сондай-ақ қолма-қол ақша алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы. Осы іске қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.

Айта кету керек қылмыскерлерді ұстау іс-шарасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен қолға алынды. Полиция департаменті мамандарының айтуынша 16 қыркүйектен бастап елімізде банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасаған азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Соңғы жаңалықтар