Түнде Алатау ауданы, Солтүстік айналым шағын ауданындағы сауда базарының аумағында тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп, жалын металл контейнеріне тараған. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп алапат өрттің алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру барысында 2 газ баллоны шығарылған. Зардап шеккендер жоқ.
«Оқиға орнына ТЖМ алғашқы бөлімшелері жеткен кезде, бір қабатты дүнгіршектің жануы және жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі туындағаны анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында, өрт 50 ш.м. алаңда жедел түрде сөндірілді», делінген хабарламада.