• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:36

Күнсұлу Закария лауазымынан босатылды

20 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Күнсұлу Дальтонқызы Закария 1967 жылы Ұлытау облысы, Қарсақпай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін, 2022 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін бітірген.

Бұл қызметке 2024 жылғы 22 қаңтарда тағайындалған.