Теміржолшы жазатайым оқиға кезінде бір аяғынан айырылып, ауруханада көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу жұмысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға Ақтөбе облысының Шалқар ауданы аумағында болды. Облыстық еңбек инспекциясы департаменті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе бөлімшесінен хабарлама алған бойда комиссия құрамын анықтау үшін хат жолдайды. Кейін арнайы комиссия құрылды.
- Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барып, машинист, машинист көмекшісімен сөйлескенбіз. Олар жылдамдық 20 сағ/км болғанын айтты. Сол кезде олар жол жиегіндегі электр қорабында теміржолшының тұрғанын көрген. Жанынан өтіп кетіп, артына қарағанда жұмысшы жерде жатқан. Құлап қалған деген болжам бар. Бұл жерде пойыз қақпаған болуы мүмкін. Бір аяғын пойыз басып кетіп, ауруханада көз жұмды. Әзірге іс бойынша комиссия қорытындысы шықпады,- Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы департаменті еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Омар.
Егер алған жарақаты мен өлім себебі жұмысқа тікелей қатысты болса, іс полицияға жолданады. Полиция Қылмыстық кодекстің «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша қозғайды.