• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:07

«Almaty Superski» – жаңа тыныс

20 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төраға­лығымен өткен «Kazakh Tourism Development Ltd.» компания­сының директорлар кеңесінде «Almaty Superski» жобасының жаңартылған жоспары мақұлданды.

Компанияның бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев жобаны әлемге танымал «Pas Grau International» компаниясымен бірге әзірлегенін айтты. Жоспарға заманауи өндірістік технология­ларды қолдану, рельеф пен кли­маттық жағдайларды спут­ник­тік деректер арқылы зерт­теу, «жасыл» стандарттарды енгізу кірген. Әлемнің 120-дан астам тау шаңғысы курортында сынал­ған үздік тәжірибелер негізге алынған.

«Pas Grau International» өкілі Жоан Виладомат нысанның мега­полиске жақын орналасуын артықшылық ретінде бағалады. Оның айтуынша, Алматыдағы дамыған қонақүй мен тамақ­тану орындары, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы курорт аума­ғында артық құрылыс жүргізуді қажет етпейді. Бұл шешім аймақтың табиғи келбетін сақтауға мүмкіндік береді.

Жоспарды дайындау барысында экологияға ерекше назар аударылды. Құжатта орнықты даму қағидаттары мен халықаралық экотуризм стандарттары ескерілген. Алдағы уақытта жоба Алматының қысқы демалыс пен экологиялық туризм орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып, қонақүй бизнесіне, көлік пен қызмет көрсету саласына жаңа инвестициялар әкеледі. Бұл өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына серпін бермек.

Отырыс барысында Премьер-министр құрылыс кезінде эколо­гия­лық талаптардың қатаң сақ­талуы керектігін атап өтті.

«Almaty Superski» отандық туризмнің жаңа қарқынын қалыптастырып, ел экономикасын әртараптандыруға үлес қоспақ.