• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 12:23

«Кең дала 2» бағдарламасы қазанда басталады

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қаржы институттарының алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы міндет қойған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында шаруаларды алдан ала қаржыландыруға бағытталған «Кең дала 2» бағдарламасы 1 қазанда басталады, деп жазады Egemen.kz.

Бағдарлама жаңа ауыл шаруашылығы маусымына тиянақты дайындалуға, жанар-жағармайды қолайлы бағамен сатып алуға, тыңайтқыш алуға, техниканы жөндеуден өткізуге және қажетті тұқым қорын жинақтауға жол ашады. 

«Кең дала 2» шеңберінде жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі ұсынылады. Осы орайда, кепіл мүлік мәселелесін шешу үшін қарыз сомасының 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігімен қамту жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қаржыландыру республика бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ауқымды филиалдық желісі және серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 700  млрд теңге бөлініп, қазірдің өзінде 500 млрд теңгеден астамы игерілген. 

«Кең дала 2» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін сала өкілдері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның аймақтық филиалдарына жүгіне алады. Толық ақпаратпен Agrocredit.kz сайтында танысуға болады. 

Айта кетейік, ерте қаржыландыру тетігі 2024 жылдың қараша айының соңында іске қосылып, шаруалар тарапынан бірден жоғары сұранысқа ие болған.