Қайғылы жағдай Кемер курорттық қаласында Камюва жағажайы аймағында болған. 42 жастағы Ресей азаматшасы Линария Музипованы қайық басып қалып, қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парасайлингтік компанияға тиесілі қайық (катер артынан парашютпен ұшу) қалқымалы белгімен қорғалатын аумақтан шығып кетіп, теңізде жүзіп жүрген әйелмен соқтығысқан.
Куәгерлер дереу жедел қызметтерді шақырған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер, жандармерия және жағалау күзеті әйелдің көз жұмғанын анықтаған.
Марқұмның денесі Антальядағы сот-медициналық сараптама мекемесіне жеткізілген. Қайық капитаны мен компанияның жауапты өкілі тергеуге алынған. Қазіргі уақытта Чамювадағы барлық су аттракциондары уақытша тоқтатылып, жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр.