• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:30

Қазақстанда колледждер цифрландыру дәуіріне қадам басты

10 рет
көрсетілді

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды цифрлық жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«SMART ТжКБ» бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленіп, ол қашықтан оқыту платформасын, білім беру бағдарламаларының реестрін, ТжКБ картасын және «Қазақстанның TOP-100 студенті» жобасын бір платформаға біріктіреді. Жүйе ұлттық білім беру деректер қорымен интеграцияланып, статистикалық деректерді жинау мен талдауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жаңа жүйені толық енгізу 2027 жылға жоспарланған.

Цифрлық инфрақұрылымды дамытумен қатар, оқу процесіне жасанды интеллектке негізделген құралдар енгізілмек. «Білім беру бағдарламаларының реестрі» жүйесін жедел жаңартып отыру үшін ЖИ технологиялары қолданылатын болады. 2026–2027 жылдары іске қосылуы жоспарланған интеллектуалды «конструктор» мемлекеттік стандарттар, кәсіби талаптар және еңбек нарығы сұранысына сәйкес білім бағдарламаларын автоматты түрде әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар талапкерлерге AI-ассистент ұсынылады. Виртуалды көмекші мамандықтар жөнінде жекелендірілген ақпарат беріп, оқу орнын немесе кәсіби бағытты таңдауға көмектеседі, сұрақтарға нақты әрі интерактивті жауаптар ұсынады. Осылайша, болашақ студенттер мен олардың ата-аналары тәулік бойы қолжетімді, түсінікті әрі сенімді ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.