ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерін реттейтін құжаттарды талқылауға шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі режимді сақтап қалатын негізгі бағыттар тұрғындарға бағдарланған қызмет түрлері болмақ. Атап айтқанда, 2000 шаршы метрге дейінгі бөлшек сауда (дәріханаларды қоса алғанда), интернет арқылы тауар сату, тамақтану мен қонақүй қызметтері, жолаушы тасымалы, тұрмыстық және құрылыс жұмыстары, шығармашылық индустрия, спорт пен мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларына бұл мүмкіндік беріледі.
Нәтижесінде жеңілдетілген режим барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қолжетімді болып қалады. Ал ірі бизнес өкілдері жалпыға бірдей белгіленген режимге көшеді.