• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Ең сенімді тікұшақ

10 рет
көрсетілді

Ка-32 тікұшағы – бүгінгі күнге дейін сенімділігі мен тиімділігі дәлелденген, әлем бойынша жоғары бағаланатын тікұшақтардың бірі. Ол күрделі климаттық жағдайларда, тау шатқалдарында және ірі қалаларда төтенше жағ­дайлармен күресте таптырмас көмекші саналады.

Ка-32 тікұшағын еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі де көпмақсатты авиациялық техника ретінде пайдаланады. Өртке қарсы нұсқада ол арнайы су бүріккіш қондырғысымен жабдықталып, ірі өрт ошақтарын сөндіруге тиімді құрал ретінде қолданылады. Бұл тікұшақ алғаш рет 1973 жылы көкке көтерілген. Ка-32 Қазақстан мен Ресейде ғана емес, Канада, Испания, Түркия, Қытай, Жапония, Швейцария, КХДР және Оңтүстік Корея сынды көптеген елде сәтті қолданылып келеді.