Ел ішіндегі күрделі мәселелер біртіндеп шешіліп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал етуде, деп жазады Egemen.kz.
Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында тұрғындарды мемлекеттік электр желілеріне қосу жұмыстары басталды. Бұл жобаны Целиноград ауданы әкімдігі мен «АЭҮК» акционерлік қоғамы бірлесіп атқаруда. Үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінде алғашқы қадам жасалған болатын.
Ұзақ уақыт бойы ауыл тұрғындары жеке трансформаторлық қосалқы станциялардың қызметін пайдалануға мәжбүр болып келген еді. Бұл жай бірқатар қолайсыздықтар туғызған. Бүгінде айта қаларлықтай жаңа кезең басталуда. Мемлекет барлық абоненттерді сенімді әрі қауіпсіз электр энергиясымен қамтамасыз ету өз мойнына алып отыр. Целиноград ауданы әкімдігінде атап өткеніндей, Қоянды ауылында «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында электр желілерінің құрылысының екінші кезеңі аяқталуда. Жоба аясында 2 тарату және 16 трансформаторлық қосалқы станция, шамамен 9000 бағана орнату қарастырылған. Желілердің жалпы ұзындығы 178 шақырым.
Қалған абоненттерді желіге қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Целиноград ауданы,
Ақмола облысы.