Солтүстік Қазақстан облысында Ресейдің 720 азаматына заңсыз жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілгені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады», делінген ресми хабарламада.
Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы заң талаптарын сақтамаған. Соның салдарынан Қазақстан Республикасының аумағында болмаған 720 шетелдік азаматқа өтініштері рәсімделіп, ЖСН берілген.
Прокуратура шешіміне сәйкес, мұндай заңсыз берілген ЖСН-дердің күші жойылып, кінәлі азаматтар жауапқа тартылды.