• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 18:00

Алтын - құнын жоғалтпайтын актив

20 рет
көрсетілді

Алтын – қанша уақыт өте де құнын сақтап қала алатын санаулы активтердің бірі. Бұл әсіресе біздің елдегі инвесторларға аса маңызды. Өйткені ұлттық валютаның құбылмалылығы қаржы нарығына үнемі әсер етіп отырады. Сондықтан да Қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досовтың сөзінше, алтынға уақытында назар аудару керек, деп жазады Egemen.kz.

Сарапшының пікірінше, алтынды тез табыс көзі ретінде қарастыру дұрыс емес.

«Алтын портфельде, ең алдымен, сақтандыру қызметін атқарады. Әсіресе дәл қазір, доллар 550 теңгеге жақындап тұрған кезде, алтын жоғары табыс әкелетін құрал емес, капиталды қорғау тәсілі болып қала береді. Ол валюталық тұрақсыздық, инфляция тәуекелі, геосаяси белгісіздік немесе шикізат нарығындағы құбылмалы кезеңдерде активтерді қорғауға көмектеседі» дейді Р. Досов.

Оның айтуынша, алтынды портфельге қысқа мерзімді пайда үшін емес, тұрақты түрде енгізу қажет.

«Алтын активтері портфельдің тұрақты элементі болуы тиіс. Олар құнсыздануға жол бермейді әрі капиталдың сатып алу қабілетін сақтайды. Тіпті басқа құралдар құнын жоғалтқан сәтте де алтын теңгерімді ұстайды. Оптималды үлес инвестиция мерзіміне және тәуекелге төзімділікке байланысты болады» деп түйіндеді сарапшы.