• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Эверестен шаңғымен түскен

10 рет
көрсетілді

Әлемдік альпинизм тарихында жаңа рекорд тіркелді. Польша спортшысы Анджей Баргель Эверест шыңына қосымша отте­гінсіз көтеріліп, одан шаңғымен базалық лагерьге дейін түскен алғаш­қы адам атанды.

37 жастағы спортшы әлемдегі ең биік шыңды бағындыруға осымен үшінші рет талпыныс жасаған. 2019, 2022 жылдары қауіпті жағдайларға байланысты ол шыңға шығудан бас тартты. Ал бұл жолы Баргель «Ажал аймағы» атанған 8 мың метрден жоғары бөлікті небәрі 16 сағатта еңсерді. Бұл аймақта ауа тым сирек, оттегі жетіспейді. Спортшы осы сәтті «жылдар бойы ішімде сақталып келген арманымның орындалуы» деп сипаттады.

 

Соңғы жаңалықтар