• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:32

Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады

20 рет
көрсетілді

Президент Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруимен кездесуінде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды.

Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және Премьер-министр, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.