Алматы — Бішкек тас жолында болған жол апатынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының ПД мәліметінше, Алматы – Бішкек автожолының 107-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Алдын ала деректерге сәйкес, Lexus көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан алған жарақаттарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуды ескертті.