Балалық шақта күндер ұзақ көрінетін. Оның себебі, жаңа мектеп, жаңа достар, жаңа ойындар, т.б. Ми осы мезетте көп ақпарат өңдеп, сол сәттер ақырын жылжығандай сезіледі. Ал ересек өмірде күнделікті іс үйреншікті болып, жаңа әсер алу азаяды. Сол себепті, уақыт жылдам өткендей көрінеді. Ғалымдар бұл құбылысты «жаңалық әсері» деп атайды. Жаңа тәжірибе мен әсерді көбейту уақытты жеке қабылдауымыз бойынша ұзартып, есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті