• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:20

Жаңбыр иісі

20 рет
көрсетілді

Жаңбырдан кейін ауада ерекше иіс сезіледі. Ғылымда бұл құбылыс «петрикор» деп аталады. Оны 1960 жылдары аустралиялық ғалымдар анықтап, атау берген.

Құрғақ кезінде өсімдіктер топыраққа май тәрізді зат бөліп, бактериялар геос­мин атты ерекше молекула түзеді. Жаңбыр тамшылары топыраққа түскенде, осы молекулалар ауаға тарап, бізге таныс иісті қалыптастырады. Адамның мұрны геосминнің мыңдаған есе сұйытылған түрін сезе алады. Табиғаттың қарапайым құбылысы, яғни жаңбыр иісі – күрделі химиялық үдерістің нәтижесі.

 

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті