• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:02

Азия жарысында жүзуден ел рекорды жаңартылды

20 рет
көрсетілді

Үндістанның Ахмедабад шаһарында жүзуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ел рекордын жаңартты, хабарлайды Egemen.kz.

4х100 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Софья Сподаренко, София Әбубәкірова үшінші орынды жеңіп алды. Аталған спортшылар 3:35.36 нәтижесімен мәре сызығын кесіп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше аталған жарыста Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бойынша 23.74 нәтижесімен мәреге жетіп, алтын медаль иеленді. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді. Ал аталған бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші орын алса, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.