• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 00:30

Кореяда мейрамхана тонаған Қазақстан азаматы ұсталды

20 рет
көрсетілді

Кореяда 20 жастағы Қазақстан азаматы жұмыс уақыты басталмай тұста ішінде адам жоқ мейрамханаға кіріп, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметіне қарағанда, ол шамамен сағат 09:10 кезінде жабылмай қалған терезеден ішке өтіп, касса жанында тұрған сейфтен 420 мың вонды, сондай-ақ тұрмысы төмендерге арналған қайырымдылық жәшігіндегі тағы 60–70 мың вонды иемденген.

Көп ұзамай мейрамхана айналасын бақылап жүрген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Ол 2024 жылы еңбек ету үшін Кореяға келген, құрылыс нысандарында күндік жалдамалы ретінде жұмыс істеген. Соңғы уақытта табыссыз қалып, Қазақстанға қайтуға билет алу үшін осындай қадамға барғанын айтқан.