• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:15

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

30 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп One America News телеарнасына берген сұхбатында биыл енгізілген баж салығынан түсетін табыс 1 трлн доллардан асуы ықтимал екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, бұл қаражаттың негізгі бөлігі мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсалмақ. Сонымен қатар Ақ үй басшысы америкалықтарға да төлем жасалуы мүмкін екенін жасырмады.

«Біз 1000-2000 доллар қаражатты адамдарға бөліп бере бастауымыз мүмкін», деді Трамп.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, федералдық үкіметтің мемлекеттік қарызы бүгінде 37,86 трлн долларға жеткен. Бұған дейін қаржы министрі Скотт Бессент кеден салығынан түсетін табыс 500 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Трамп әкімшілігі биыл көктемде бүкіл импорттық тауарға 10% баж салығын енгізді. Кейін кейбір елдерге бұл көрсеткіш 20-50% аралығында белгіленді. Қазақстаннан келетін тауарларға тариф 25% болып бекітілді.