• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 14:11

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.