1-3 қазан күндері Минскіде (Белорусь) өткен III Жастар форумына ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының көшбасшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум бағдарламасында панельдік сессиялар, стратегиялық пікірталастар, интеграцияның болашағына арналған форсайт-трек, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен бейресми кездесулер болды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше іс-шараның негізгі мақсаты – түрлі мемлекет жастары арасындағы диалогты дамыту, өзара түсіністікті нығайту және қазіргі заманның өзекті сын-қатерлеріне бірлесіп шешім іздеу.
Форум қорытындысы бойынша мәдениет, білім, ғылым және инновация саласында жастар ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған бірлескен бастамалар мен ұсынымдар әзірленбек.